
18–19 қаңтар күндері православ христиандары «Крещение Господне» (Құдайға шоқыну) діни мерекесін атап өтеді. Осы күндері дәстүрге сай суға шомылу рәсімдері ұйымдастырылады.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Суға шомылу рәсімдері тек ресми түрде рұқсат етілген, арнайы жабдықталған орындарда ғана жүргізілуі тиіс. Рұқсат етілмеген, дайындалмаған және бақылаусыз жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынады. Ресми орындарда құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етіледі.
Суға түсер алдында әрбір азамат өз денсаулық жағдайын мұқият бағалауы қажет. Жүрек-қан тамырлары аурулары, жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек аурулары бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге суға түсуге болмайды.
Рәсім кезінде алкогольдік ішімдік ішуге жол берілмейді. Аш қарынға суға түсуге болмайды, тамақты кемінде бір сағат бұрын ішкен жөн. Суға түсер алдында денені жеңіл жаттығулармен қыздырып алу ұсынылады.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың өмірі мен денсаулығына толық жауапты.
Егер суға түскеннен кейін қатты тоңу, қалтырау немесе денсаулық жағдайының нашарлау белгілері байқалса, дереу медицина қызметкерлеріне немесе құтқарушыларға жүгіну қажет.
Ресми түрде бекітілген суға шомылу орындары (18–19 қаңтар):
Ұзынағаш ауылы —
Астана және Алматы Епархиясының
«Ұзынағаш ауылындағы Казанский храмының приходы»
(Сәтпаев көшесі, 101);
Қарғалы ауылы —
Астана және Алматы Епархиясы
Әулие Тихон қауымы
(Журунова көшесі, 11).
Жамбыл ауданының әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары мен қонақтарын белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!