Жамбыл ауданында Республика күніне орай жаңа Мәдениет үйі ашылды

Жамбыл ауданында Республика күніне орай жаңа Мәдениет үйі ашылды
Жамбыл ауданында Республика күніне орай жаңа Мәдениет үйі ашылды
 
Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Жамбыл ауданында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды нысанның ашылу рәсімі өтті.
 
Мерекеге орай Мәтібұлақ ауылында жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысанның жалпы ауданы 1774,94 шаршы метрді құрайды, залдың сыйымдылығы — 150 орын.
 
Жаңа мәдениет үйі ауылдағы мәдени және қоғамдық өмірдің орталығына айналып, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік береді. Мұнда концерттер, көрмелер, үйірмелер және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
 
Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ауылдық жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, Республика күнімен құттықтады.
 
Аталған жоба – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Бұл бастама еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, сондай-ақ ауылдық өңірлердің тұрақты дамуын айқындайды.
 
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі