Энергетиканың жаңа кезеңі: Үлкен ауылында АЭС құрылысына капсула салынды

Энергетиканың жаңа кезеңі: Үлкен ауылында АЭС құрылысына капсула салынды

Энергетиканың жаңа кезеңі: Үлкен ауылында АЭС құрылысына капсула салынды

 

Бүгін Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында болашақ атом электр станциясының (АЭС) құрылыс алаңында капсула салу шарасы өтті. Бұл рәсім жобаның ресми басталуын білдіреді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы өкілдері, Алматы облысы әкімдігі, Жамбыл ауданының әкімдігі,  салалық кәсіпорындар, Үлкен ауылының тұрғындары, Қоғамдық кеңестің мүшелері және мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімде:

  • Ресми делегациялар атынан құттықтау сөздер;
  • Үлкен ауылының халықаралық атом қалалар қауымдастығына қосылуы туралы бейнероликтің көрсетілімі;
  • Атом энергетикасы саласының болашақ мамандары – студенттердің сөз сөйлеуі;
  • Бұрғылау қондырғыларының іске қосылуы және ғылыми зерттеулерге арналған топырақ үлгілерінің алынуы.

Алынған топырақ үлгісі арнайы герметикалық капсулаға салынып, халықаралық ынтымақтастық аясында одан әрі зерттеу жүргізу үшін қазақстандық тарап серіктестерге табыстады.

Іс-шарада сөз алған Жамбыл аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бағдат Әлиев көпшілікке ақ батасын беріп, игі шараға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары үшін қысқаша брифинг өтті.

АЭС құрылысы — көміртегі шығарындылары аз энергетиканы дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына бағытталған стратегиялық маңызы бар жоба.