ҰЗЫНАҒАШ АУЫЛЫНДА «ЭКО-БАҚЫЛАУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық кеңестердің өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясын өткізуде.
Аталған іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Қазақстан Республикасының экологтар күніне орай ұйымдастырылып, 2025 жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында республика көлемінде жүзеге асырылуда.
Акция шеңберінде өткізілетін тақырыптық онкүндіктердің бірі — 16-25 маусым аралығы, абаттандыру және стихиялық қоқыс орындарын жою мәселелеріне арналған.
Осыған орай, 2025 жылғы 18 маусым күні Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы маңындағы қоқыс полигонына қатысты экологиялық акция және қоғамдық эко-бақылау шарасы ұйымдастырылды.
Зерделеу жұмыстарына Жамбыл аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, аудандық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Қасымберкебаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ж.Егінбаев, Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Абжан, аудандық мәслихат аппаратының басшысы М.Нұрмұхамедов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы К.Пичкунов, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Б.Досалы және аудандық мәслихат депутаты А. Жүнісов қатысты.
Іс-шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне нақты тапсырмалар берілді.
Табиғатты қорғау — әр азаматтың ортақ міндеті!