Жамбыл ауданында «Тіл – достықтың кілті» атты фестиваль өтуде

Жамбыл ауданында «Тіл – достықтың кілті» атты фестиваль өтуде

Жамбыл ауданында «Тіл – достықтың кілті» атты фестиваль өтуде

 

Бүгін Жамбыл ауданының мәдениет үйінде «Тіл – достықтың кілті» атты аудандық тіл фестивалі өтуде. Бұл шара мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, этносаралық келісімді нығайту және түрлі этнос өкілдері арасындағы достықты арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль қонақтарды қарсы алумен басталып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған флешмобпен жалғасты. Қатысушылар жұмысшы мамандықтар бойынша Жамбыл атындағы кәсіптік колледжде білім алып жатқан студенттердің шығармашылығымен танысып, фойеде өткен «Достық дастарханы» көрмесінде әр ұлттың ұлттық тағамдары мен мәдени бұйымдарын тамашалады.

Қазіргі уақытта мәдениет үйінің үлкен залында салтанатты бөлім өтіп жатыр. Құттықтау сөздер айтылып, фестивальдің мақсаты мен маңыздылығы жөнінде ойлар ортаға салынуда. Сахнада пролог қойылымы көрсетіліп, одан кейін түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылуда.

Бұл фестиваль – бейбітшілік пен бірліктің жарқын көрінісі. «Тіл – достықтың кілті» атты мәдени шара халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға ықпал етуде.