2024 жылғы 08 желтоқсанда өткен Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 08 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жамбыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 5017 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2805 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 52 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 16 сайлау округі бойынша
Салават Судакженович Ибрагимов үшін сайлаушылардың 436 дауысы берілді,
Искандер Исмаилович Тутадзе үшін сайлаушылардың 333 дауысы берілді,
Паша Александрович Чумаев үшін сайлаушылардың 1785 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны -234;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 16 сайлау округі бойынша – Паша Александрович Чумаев, 1982 жылы туған, ЖК «Чумаев» директоры, Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғыны сайланды.
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы