Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының төрағалығымен Бартоғай су қоймасына жұмыс сапары ұйымдастырылды

Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының төрағалығымен Бартоғай су қоймасына жұмыс сапары ұйымдастырылды

Көшпелі жиында облыстық су ресурстары және ирригация басқармасы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі, "Балқаш-Алакөл бассейіндік инспекциясы" РММ, " Д. Қонаев атындағы ҮАК"  филиалы және Бартоғай су қоймасындағы сүзілудің алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатқан "Институт Казгипроводхоз"  ЖШС мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бүгінде, Бартоғай су қоймасындағы толу деңгейі 34 % немесе 110,3 млрд. текше метрді құрап отыр.

Аталған бағытта Бақытнұр Бақытұлы жобалаушы ұйым мен теңгерім ұстаушы " Д. Қонаев атындағы ҮАК" филиалына бірқатар тапсырмалар беріп, облыстық су ресурстар және ирригация басқармасы мен су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Балқаш-Алакөл бассейіндік инспекциясына жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.