Балқаш ауданында Тасмұрын магистралды каналын механикалық тазалау жұмыстары басталды

Балқаш ауданында Тасмұрын магистралды каналын механикалық тазалау жұмыстары басталды

Балқаш ауданында ирригациялық жүйелерді тиімді пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Тасмұрын магистралды каналында механикалық тазалау жұмыстары қолға алынды.

Бұл шара суармалы егіншіліктің дамуына және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Каналды аршып, лай-қоқыстан тазарту арқылы оның су өткізу қабілеті артып, алдағы маусымда су тапшылығын болдырмау көзделуде.

Жұмыс барысында арнайы техникалар тартылып, арнаның түбі тазартылып, жағалауы ретке келтірілуде. Бұл қадамдар өңір шаруаларын егін суғаруда толық қамтамасыз етуге бағытталған.

Каналдарды кезең-кезеңімен механикалық тазалау су ресурстарын тиімді пайдалануға және ирригациялық инфрақұрылымды дамытуға оң әсерін тигізеді.