Алым Кибиров – Ұлы Жеңістің ардагері

Алым Кибиров – Ұлы Жеңістің ардагері

Кибиров Алым 1924 жылы 1 қаңтарда Ұйғыр ауданы, Кіші-Ақсу ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 23 ақпанда Жаркент әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, Ұлы Отан соғысына аттанды. 1942-1943 жылдары Белорус майданында шайқасып, Белгород қаласын азат ету кезінде ауыр жарақат алады. Екі рет госпитальден кейін майданға қайта оралған. 1943-1944 жылдары Украина майданында ерлікпен соғысып, бірнеше қалаларды азат етуге қатысқан. Львов қаласы үшін шайқаста ауыр жараланып, 1944 жылдың наурызында туған еліне оралды. Ерлігі мен батырлығы үшін «Ұлы Отан соғысының І-дәрежелі ордені» және «Львов қаласын азат еткені үшін» медалімен қатар, басқа да бірнеше марапаттарға ие болды. Соғыстан кейін елге оралып, 1945-1990 жылдар аралығында түрлі жауапты қызметтер атқарды: колхоз басқармасында хатшы, кадр бөлімінің басшысы, ферма меңгерушісі, төрағаның орынбасары сияқты лауазымдарда еңбек етіп, еліне адал қызмет етті. Бүгінде Алым ата – ұрпағына үлгі болған ардагер, ел құрметіне бөленген азамат. 7 бала тәрбиелеп өсіріп, өнегелі ұрпақ өсірді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын! Ардагерлерге мың алғыс!