Хабарландыру

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті аудан тұрғындары! 2024 жылдың 01 қыркүйек күні «Сібір жарасының» белгілері анықталды деген күдікпен ауданымыздың 3 тұрғыны ауруханаға жатқызылып, оқшауланғандығын хабарлаймыз. Осы жағдайға байланысты қауіпті індеттен барынша сақтану және жаппай таралуына жол бермеу үшін бірқатар маңызды шарттар мен тұрмыстық талаптарды мұқият сақтау қажеттігі ескертіледі!

Ет және сүт өнімдерін тұтыну және сатып алу кезінде арнайы ветеринариялық дәрігердің бақылауынан өткен және сатуға рұқсат құжаттары бар, санитарлық талаптар сақталған орындардан сатып алыңыз. Белгіленбеген орындардан күмәнді ет, сүт өнімдерін сатып алудан, тұтынудан аулақ болыңыз.

Үй жағдайында адамға және малға емдік шараларын жасамау керектігі қатаң ескертіледі! Қораңыздағы малда қандай да бір ауру белгілері мен ауытқулар пайда болған жағдайда уақыт өткізбей және өз бетіңізше ем шараларын жасамай арнайы ветеринариялық дәрігерге хабарлау керектігі ескертіледі! Сондай-ақ өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің денсаулығынан шағымдар байқасаңыз үй жағдайында емделмей дереу арада ауруханаға дәрігерлердің көмегіне жүгінуіңізді сұраймыз!   

 

Ақпарат алу көзі бойынша аудан аумағындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ақпаратты тек арнайы ресми БАҚ беттерінен және әлеуметтік желі кеңістігіндегі ресми парақшалардан алыңыз. Жалған ақпаратқа сенбеңіз және алыпқашпа пікірлерге бой алдырмаңыз!

 

Байланыс телефондар:

Орталық аурухананың байланыс телефондары: 112, 103

Ветеринариялық қызмет бойынша байланыс телефондары: +7(72778)2-21-10, 2-18-54, 2-21-72, 2-13-36