Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қалпына келтірілді

Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне Қонаев қаласының жергілікті атқарушы органдарының жер комиссиясының қорытындыларының түп нұсқаларын уақтылы табыстамағанына байланысты шағыммен үш көрсетілетін қызметті алушы жүгінді.

Департаментпен тиісті тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін Қонаев қаласының жер комиссиясы 2023 жылы қарағанын, алайда жер комиссиясының қабылданған қорытындылары өтініш берушілерге жіберілмегенін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет алушыларға жер комиссиясының шешімдерінің түп нұсқалары табысталды. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың екінші тоқсанында департамент Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыру үшін бірлескен семинарлар өткізуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:  +7 (747) 786-05-57 Рахыбай Гүлнұр.