Тасқарасу ауылына кәмелетке толмағандар арасында көшпелі отырысы өткізілді

Тасқарасу ауылына кәмелетке толмағандар арасында көшпелі отырысы өткізілді

2024 жылдың 05 сәуірінде Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның Тасқарасу ауылына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, суидцитің, жыныстық қол сұғылмаушылықтың және физикалық, психикалық, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде көшпелі отырысы өткізілді. Отырысқа мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитеті, жігіт ағасы, ауылдың белсенді азаматтары, ауыл жастарының өкілі қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сәйкес 1 сұрақ және кәмелет жасқа толмағандардың мәселелері бойынша жоспардан тыс 1 сұрақ қаралды. Отырыс барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі міндеттері және балалардың арасында тәртіп, қауіпті әрекеттерден аулақ болуға, интернет алаяқтардан сақ болуға, ол жағдайда не істеу керек екендігі түсіндірілді.