Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өткізілді

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өткізілді

2024 жылдың 14 наурыз күні Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның Қырғызсай ауылына кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, суидцитің, жыныстық қол сұғылмаушылықтың және физикалық, психикалық, зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде көшпелі отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа мектеп директоры, тәрбие жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитеті, жігіт басы, ауылдың белсенді азаматтары, ауыл жастарының өкілі қатысты. Комиссия отырысында жоспарға сәйкес 1 сұрақ және кәмелет жасқа толмағандардың мәселелері бойынша жоспардан тыс 1 сұрақ қаралды. Отырыс барысында ата-аналармен өз ойлары мен пікірлерімен бөлісті. Комиссия күн тәртібіне сәйкес арнайы тапсырмалар берді.