«Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Ұйым туралы мәлімет:
Мемлекеттік мекеменің атауы: «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Еркебұлан Нысанбаев көшесі, 104
Байланыс телефоны: +7 (727) 782 12 70,+7(727) 782 26 96
Электрондық пошта: ygyr_sobes@mail.ru
Бос лауазымның атауы:
Кеңесші
Жұмыс орны:
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы
Негізгі функционалдық міндеттері:
Азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша қабылдау және кеңес беру.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі және басқа да әлеуметтік төлемдер бойынша құжаттарды қабылдау және тексеру.
Жұмыссыз азаматтарды тіркеу, оларды жұмыспен қамту шараларына бағыттау.
Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау және оларға жауап дайындау.
Әлеуметтік осал топтармен (мүгедектігі бар адамдар, аз қамтылған отбасылар, қарттар және т.б.) жұмыс жүргізу.
Қажетті есептерді, анықтамаларды және статистикалық мәліметтерді дайындау.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауға қатысу.
Ақпараттық жүйелерге деректер енгізу және құжат айналымын жүргізу.
Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтік қорғау және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын сақтау.
Еңбекақы мөлшері және еңбек жағдайы:
лауазымдық жалақысы – 150 550 теңгеден 200 173 теңгеге дейін;
жұмыс режимі – толық жұмыс күні;
жұмыс сипаты – тұрақты;
еңбек жағдайы – қалыпты.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік, педагогикалық немесе медициналық білімі болуы;
лауазымның функционалдық міндеттерін орындауға қабілетті болуы;
әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге бейімділігі болуы;
қызмет алушылармен өзара іс-қимыл жасай білуі;
лауазым санаты санатсыз болғандықтан, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 18 маусымнан 2026 жылғы 3 шілдеге дейін қоса алғанда.
Құжаттарды қабылдау орны:
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Еркебұлан Нысанбаев көшесі, 104.
Әңгімелесу өтетін орын:
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Еркебұлан Нысанбаев көшесі, 104.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға әңгімелесудің күні мен уақыты қосымша хабарланады.