Ақпараттық хабарлама!
Ұйғырауданыныңэкономикажәнеқаржы бөлімі балықөсіругеарналған ауыл шаруашылығықұрылысы(ұзындығы 10 974,0 метр, ені 20,0 метр құрғату арнасы, жеручаскесі22,0000га,кадастрлықнөмірі03:052:035:143/1, Қырғызсай ауылдық округінің Рахат учаскесінде орналасқан, Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде) кейіннен сатып алу құқығынсызсенімгерлікбасқаруға беру жөніндегітендерөткізілгенітуралыхабарлайды
Тендер 2025 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 15:00-де, Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, 75-үй мекенжайы бойынша өтеді. Бағалау құны – 45 142 000 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна – 1 354 260 теңге.
Коммуналдық меншік объектісін сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №19-5/293 бұйрығымен бекітілген Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Тендер шарттары:
Тендерге қатысу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:
Тендерге өтінімді және басқа тиісті құжаттарды дер кезінде өткізген жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады. Бұдан басқа, өтінім берген жеке тұлғалардың осы және осы тектес саладан қажетті білім, іс-тәжірибесі, ал заңды тұлғалардың нысанды басқару үшін жоғарыдағы талаптарға сай келетін өкілі болуы керек. Тендерге қатысушы тендерге жеке өзі немесе өз өкілдері арқылы тиісті рәсімделген сенімгерлік құжат негізінде қатыса алады. Тендерге қатысушы өз ұсыныстарын тендер өткенге дейін қайтып алуға құқылы, ол үшін тендердің басталуына кем дегенде 3 күн қалғанда жазбаша хабарлау керек.
Тендерге қатысу туралы өтінім қабылдау тендер өтетін күннен бір күн бұрын сағат 17:30-де аяқталады. Белгіленген мерзім өткен соң өтініштерді және құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
Өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Шонжы ауылы, Ю. Раджибаев көшесі, 75-үй, 15-бөлме. Анықтама үшін телефон: 8(72778) 2-10-59.
Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна ұйымдастырушының шотына енгізіледі: Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі, БСН: 111240019895, БИК KKMFKZ2A, ЖСК KZ61070103KSN0910000, мекеменің коды 4591007 «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті» РММ.(кепілдік жарнаның мөлшеріне банктік қызметтерге ақы төлеу кірмейді)