2025 жылғы 23 маусымдағы "Рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылған рақымшылық жасалуда.

2025 жылғы 23 маусымдағы "Рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылған рақымшылық жасалуда.

2025 жылғы 23 маусымдағы "Рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орайластырылған рақымшылық жасалуда. Рақымшылықтың мақсаты қылмыстық саясатты ізгілендіру, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуін жеңілдету және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, пробация қызметінде ұсталатын, тіркеуде тұрған адамдар санын қысқарту болып табылады. Рақымшылыққа кім жатады: * зиян келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген немесе азаматтық талап қойылмаған қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы төмен немесе орташа қылмыстар жасаған адамдар; * Зиянның немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдар; * кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, зейнеткерлік жастағы адамдар; * I және II топтағы мүгедектер; келтірілген залалды өтеген адамдар. Қандай шаралар қарастырылған: *жазадан босату; *жаза мерзімдерін қысқарту; Қол қойылған заңға сәйкес, мынадай қылмыс жасағаны үшін сотталғандар рақымшылыққа ілінбейдІ: * адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар; * қайтадан қылмыс жасағандар, сондай-ақ террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар; * азаптау; * өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен өлім жазасы басқадай жазаға ауыстырылғандар; * жазасы орындалған және жазасын өтегендерге қатысты ; *жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандар; Ұйғыр ауданының пробация қызметінің бастығы майор Таипова Н.Ш.