Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 34 қаулысымен бекітілген Ұйғыр ауданы әкімдігінің Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Ұйғыр ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тарау мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімдікте екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Жұмыс уақыты күнделікті 8 сағатты, аптасына 40 сағатты құрайды. Жұмыс күнінің басталуы – сағат 8.00, аяқталуы – сағат 17.30.
Күнделікті жұмыс барысында қызметкерлерге сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін түскі үзіліс беріледі».
Аудан әкімі Б. Елеусізова