Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылдың 01 маусым күніне атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  2025 жылдың 01 маусым  күніне  атқарылған жұмыстар туралы  ақпарат

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  2025 жылдың 01 маусым  күніне  атқарылған жұмыстар туралы  ақпарат

1.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 11-тарауы, 120- бабына сәйкес 2025 жылдың басынан 215 отбасындағы 1216 адамға 57795,5 мың теңге сомасында  атаулы әлеуметтік көмек және АӘК алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі әр бір балаға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде қосымша төлем 376 балаға 7514,1 мың теңге тағайындалып төленді.

2.Мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақы

Жыл басынан мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуі бойынша 77 балаға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сомасы                 2401,5 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді 

  1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша.

Ұйғыр аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес 2025 жылдың қаңтар айынан бастап бір Ұлы Отан соғыс ардагеріне коммуналдық қызметтің шығындарын өтеу үшін  3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5 айға  59,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Мерекелік күндеріне  орай 1  Ұлы  Отан  соғыс  ардагеріне 5000 000 теңге,   20 Ауған соғысының қатысушыларына 3932,0 мың теңге, 167 тыл еңбеккерлеріне 9849,7 мың теңге, 3 ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне 176,9 мың теңге, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлеріне (Таулы Карабах) 9 адамға 1769,4 мың теңге, 25 тәжік-ауған мемлекетінің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне  4915,0 мың теңге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген 16 адамға  3145,6 мың теңге,  21 Чернобыль апатына қатысушыларға 4128,6 мың теңге, Даманск 2 адамға 393,2 мың теңге бір жолғы көмек төленді.

 Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 21 адамға  1678,9 мың теңге, пробация есебінде тұрған 2 адамға 117,9 мың теңге және жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% қатынасынан аспайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын 114 балаға 5262,8 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Аудандық Мәслихаттың 05.07.2024 жылдың №8-25-134 шешіміне сәйкес аудандағы аз қамтылған 9 отбасына 403,3 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі  төленді.

  1. 4. Мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету

Ауданда оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 106 мүгедектігі бар балаға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Әр әлеуметтік қызметкер аптасына 2-3 рет 4-6 балаға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Бөлімше жанынындағы оңалту кабинетінде 25 баламен жұмыс жасау үшін әдістемелік құралдар, дамыту ойыншықтар,  спорт құралдары бар. 

5.Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету

Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімше арқылы 98 жалғыз басты қарттарға және бөгде адамның күтімі мен әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлері көрсетілуде.

  1. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету

Аудан бойынша 2023 жылы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 13-тарауы, 1,2,3 параграфтарына сәйкес мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде келесі әлеуметтік көмектер керсетілген:   

- мүгедектігі бар азаматтардан 375 гигиеналық құралдарға өтініш түсіп,    260 құралдармен  жергілікті  бюджет есебінен қамтылды;

- санаторийлік-курорттық ем алу үшін ағымдағы жылы 218 өтініш білдіріп,  67 азамат жолдамамен қамтылды;

- 66 протездік-ортопедиялық кұралдарды алуға  өтініш келіп түсіп, оның  48 құралдары берілді;

-  жүріп туруы қиын мүгедектігі бар  азаматтардан 26 арнаулы жүріп-тұруын қамтамасыз ететін құралдарға өтініш түсіп, оның 18-мен  қамтылды;

-  24 сурдо-тифлотехникалық құралдарға өтініш келіп түскен болса, олырдың  16-і берілді.

- 36 бірінші топ мүгедектігі бар азамат жеке көмекші қызметімен қамтамасыз етілді.

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу бойынша 2 өтініш қабылданып, бұйрық шығарылды.

7.«Инватакси» қызметі

Аудан бойынша «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі арқылы «Инватакси» қызметі жүзеге асырылуда.  Аудан бойынша аталған қызметті алатын  161 мүгедектігі бар  азамат  бар. Осы мүгедектігі бар азаматтардан жыл басынан 1608 өтініш түсіп, барлығы қызметпен қамтылды

8.Инфрақұрылым обьектілері

Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне кіріп шығуын қамтамассыз  ету  үшін  2025 жылы 20 объектілерге пандустар   орнату  жоспарланып, олардың 2 орындалды.

  1. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу

Жыл басынан аудан бойынша еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алуға 974өтініш келіп түсті, оның ішінде 714 адамға рұқсат берілді, 10 ұзартылды  және 250 бас тартылды.