Құрметті жерлестер, қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті жерлестер, қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Күнтізбедегі 9 мамыр – адамзат тарихында жақсылықтың зұлымдықты жеңген, фашизмді біржолата тізе бүктірген айтулы күн ретінде мәңгілік қалады. Бұл күні біз Отан үшін опат болған марқұмдардың рухына тағзым етеміз. Сонымен бірге, өздерінің адалдығымен, жеңіске деген мызғымас күш-жігерімен, өнегелі өмір жолындағы қажырлы еңбегімен әлемге жасампаздықтың жарқын үлгісін паш еткен көзі тірі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетеміз. Бүгінгі жас ұрпақ ата-бабаларының ерлігін еске ала отырып, осы бір жұмыр жерді, нәзік жаратылысты соғыс пен зұлматтың зорлығынан құтқаруға тырысары сөзсіз. Сұм соғыстың сұрапыл кезеңдері бізден қаншалықты алыс болса, Жеңіс те соғұрлым маңызды. Өйткені, бұл – Отанға, адамзатқа аянбай қызмет етудің шынайы өлшемі.
Құрметті жерлестер!
Кешегі сұрапыл соғыста от кешкен аға ұрпақтың ерлігіне шексіз алғыс айта отырып, сіздерге бейбіт аспан, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Жұмысымыз жүйелі, ісіміз берекелі болсын. Ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін!