
Алматы облысы Туризм басқармасының мамандары және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің өкілдерімен бірлесе туризм саласындағы кәсіби мамандарды даярлау бойынша Қонаев қаласының мектеп оқушылары арасында ақпараттық - түсіндіру және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді.
Шараның мақсаты қарқынды дамып келе жатқан туризм саласына Халықаралық деңгейдегі кәсіби, білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті жайлы толық ақпаратты https://www.talapker.iuth.kz ресми сайтынан алуға болады.