Алматы облысы туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Алматы облысы туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтамасы

Қонаев қ.                                                                                    2026 жылғы 20 сәуір

 

Алматы облысының туризм басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) басшысының 2026 жылғы 09 сәуірдегі № 19н/қ «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылғы 10-20 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Әкімдіктің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 170 қаулысымен бекітілген басқарма ережесіне сәйкес, басқарманың негізгі міндеті туристік қызметке жәрдемдесу және туристік қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Алматы облысының туристік өнімін ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1.1 Басқарма өз қызметінде негізінен мыналарды басшылыққа алады:

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі);

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңы;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Туристік қызмет нысандарын салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығы;

«Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығы;

«Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары;

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 508 қаулысы.

Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (коллизиялар, олқылықтар, дискрециялық нормалар және т.б.).

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 «Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

– Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актіні оны қолдану кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің ықтималдығы тұрғысынан, атап айтқанда: құқықтық олқылық, құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің коллизиясы, заңдық-лингвистикалық белгісіздік, дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі, артық әкімшілік кедергілердің болуы және т.б. бағыттар бойынша жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мынадай тәуекелдер анықталды: кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі шығындарының бір бөлігін өтеу мәселесін реттейтін осы нормативтік құқықтық акт, атап айтқанда «саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті өзге де объектілер» нормасы бар ұғымдық аппарат бөлігіндегі құқықтық олқылық. Бұл ұғым жалпыланған, ол объектілердің үлкен тізбесін қамтиды, бұл бюджет қаражатының көп жұмсалуына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғады.

Туризм саласындағы уәкілетті органға ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 «Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында туристік объектілердің толық тізбелерін айқындау туралы хат жолдауға бастамашылық ету - 1-тараудың 2-тармағының 4-тармақшасы — «саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті өзге де объектілер».

  1. Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2.1 Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы желісі бойынша.

Штаттық кестеге сәйкес басқарманың штат саны 17 бірлікті құрайды (оның ішінде: басшы - 2; бөлім басшылары - 3; бас мамандар - 12).

Басқарма құрылымы 3 бөлімнен тұрады, оның ішінде:

  1. Басшылық - 2 қызметкер;
  2. Туристік инфрақұрылымды дамыту және субсидиялау бөлімі - 4 қызметкер;
  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және әкімшілік мәселелер бөлімі - 4 қызметкер;
  4. Стратегиялық дамыту, инвестициялар және туристік қызметті үйлестіру бөлімі - 7 қызметкер;
  5. Бас мамандар - 12 қызметкер.

2026 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша нақты 8 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

Басқармада әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасқан бірінші жылы жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Талданатын кезеңде лауазымын төмендету фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту жоқ, сондай-ақ басқарма қызметкерлерінің қылмыстық сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауы анықталған жоқ.

Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес шектеулер қабылдады.

Қызметкерлердің Мемлекеттік қызметті өткеруіне қатысты кадрлық іс қағаздарын жүргізу «Е-qyzmet» бірыңғай деректер базасына автоматты түрде енгізіледі. «Е-qyzmet» базасы әрбір маманға орнатылған.

Қорытынды: Талдау нәтижесінде персоналды басқару, заңсыз сыйлықақы беру, мерекелік күндерге орай жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.2 Мүдделер қақтығысын реттеу желілері бойынша. Ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметі.

Талдау барысында басқарма және оған ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің заңды тұлғаларда (ұйымдарда) құрылтайшылығының бар-жоғына мониторинг жүргізілді. Талданатын кезеңде басқарма және оған ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері заңды тұлғаларда тіркелмеген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезіндегі мүдделер қақтығысы және жақын туыстарының, жұбайларының және жекжаттарының бірлесіп қызмет ету (жұмыс істеу) фактілері анықталған жоқ.

22.3 Мемлекеттік қызметтер көрсету желісі бойынша.

Тізілімге сәйкес, Басқарма 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

Туристік операторлық (туроператорлық) қызметке лицензия беру, ол 2 түрге бөлінеді.

1) шығу туризмі саласында;

2) келу және ішкі туризм саласында.

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы электрондық түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде шағымдар түскен жоқ.

2 2.4 Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нақты процестерінің Қағидалармен бекітілген нормаларға сәйкестігі.

Талдау нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процесі қолданыстағы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетінін көрсетті.

2.5 Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы.

Мемлекеттік қызметтерге жүргізілген талдау барысында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

  1. Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Басқарма қолданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың профилактикалық сипаттағы тәсілдері мен шаралары.

Талдау нәтижесі басқарма қызметкерлерінің азаматтардың өтініштерін қарауды, есепке алуды және тіркеуді ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асыратынын көрсетті.

Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау бойынша жұмысты күшейту мақсатында қызметкерлер арасында өтініштерді қарау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Зерттелетін кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ, өтініштер белгіленген тәртіппен қаралуда, заң бұзушылықтар орын алмады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

  1. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде мыналар ұсынылады:

«Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы
31 желтоқсандағы №415 бұйрығының 1-тарауы, 2-тармағының 4-тармақшасында («саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті өзге де объектілер») көрсетілген туристік объектілердің толық тізбесін айқындау бойынша туризм саласындағы уәкілетті органға хат жолдау бастамасын көтеру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ қызметіндегі іс-шаралар жоспары

 

Ұсыныс

Пішін аяқтау

Орындау үшін жауапты

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №415 «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығындағы 1-тарау 2 -тармақ 4 тармақшадағы «саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер» туристік объектілердің толық тізбелерін айқындау туралы туризм саласындағы уәкілетті органға ұсыныс хат жолдау.

хат

Туристік инфрақұрылымды дамыту және субсидиялау бөлімі

2026 жылғы тамыз