Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қорытынды жиын өткізді!

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қорытынды жиын өткізді!

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2025 жылғы 26 ақпан күні «Қазақстан Республикасында Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының Алматы облысында іске асырылуы және алдағы міндеттер» атты қорытынды жиын өткізді.

Жиынның мақсаты тіл және ономастика саласы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстарға есеп беру, 2025 жылғы міндеттерді айқындау болып табылады.

Жиында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылдың 3 қаңтарында республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұқбатындағы Тілге қатысты айтқан мәселелерге тоқталды.

Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрмаман Төкенұлы Оқас Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Алматы облысының 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының аудан, қалаларда орындалуы бойынша талдау жасады. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу, жергілікті атқарушы органдардың маңдайшаны орналастыруға рұқсат беру тәртібін түсіндірді.

Ономастикалық жұмыстар және мониторинг бөлімінің басшысы Нүсіпқожаев Айбол Баратбекұлы Ұлы Отан соғысының 80-жылдығына орай атқарылатын жұмыстарға, «Tіл Алатау» цифрлық платформасының құрылымына, оған енгізілетін ақпараттарға кеңінен тоқталды.

Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Амантай Қуаныш Амантайұлы 2024 жылы шығарылған әдістемелік құралдарды таныстырып, салаға бағыттап оқыту жүйесін түсіндірді. Сонымен қатар Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Алматы облыстық филиалының төрағасы Күлзира Сейітбекқызы 2024 жылы қоғамның өткізген шараларын баяндады. Жиынның қорытындысы бойынша хаттама жасалды.

Тіл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты бұдан әрі де жүйелі түрде жүргізе беретін боламыз.