Бүгін Алматы облысында «жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі пәнінің жүргізілу деңгейін арттыру» атты облыстық семинар өтті

Бүгін Алматы облысында «жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі пәнінің жүргізілу деңгейін арттыру» атты облыстық семинар өтті

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен бүгін, яғни 29 ақпан «Жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі пәнінің жүргізілу деңгейін арттыру» атты облыстық жоғарғы деңгейдегі семинар өтті. Аталмыш шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, Халықаралық қазақ тілі қоғамы мүшелері, Тіл білім институты, Сүлеймен Демирель университеті, әдіскерлдер, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Басты мақсаты Жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі пәнінің жүргізілу деңгейін арттыру жолында пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек және өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау болып табылды.

Семинардың өту барысында мектеп оқушыларының білімдегі, спорттағы, робототехника саласындағы еңбектері, мектеп ұжымының цифрландыру бағытындағы жұмыстарын және оқушылардың қолөнері насихатталған көрме ұйымдастырылды.Семинарға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының, Сүлеймен Демирель университетінің ғылыми қызметкерлері арнайы шақырылып, баяндама оқыды. Қатысушы контингент қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен орыс сыныптарында сабақ беретін ұстаздар болды.

Тәжірибе алмасу мақсатында төрт шебер мұғалім үлгі сабағын көрсетті. Атқарылған жұмыс ғылыми қызметкерлер тарапынан қолдау тауып, жоғары бағаланды. Өткізген іс-шара пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету және өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау болды. Ұстаздар өздерін көптен мазалап жүрген сұрақтарын ғылыми қызметкерлерге қойып, жауаптарын, түсініктемелерін алды. Семинардың өте жоғары деңгейде өткені қатысушылардың алған әсерлерінен білініп тұрды.

Семинарды А.Байтұрсынұлы атындағы институтының Қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Мадияр Қазбек, баспасөз хатшысы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Күлзира Сейтбекқызы қорытындылап, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы алғыс хаттарын ұсынды.

Облыстық семинар Алматы облысы, Қонаев қаласы, "Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия" МКМ базасында өтті.