Алматы облыстық "Тіл" оқу - әдістемелік орталығының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы облыстық "Тіл" оқу - әдістемелік орталығының жаңа басшысы тағайындалды

1969 жылы 16 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылында өмірге келген. 1976 жылы Тасашы орта мектебінің 1- сыныбына қабылданып, 1986 жылы Тасашы орта мектебін аяқтайды.

1988-1990жж. Қаскелең мәдени - ағарту  училищесі, «Халық аспаптар» бөлімі, домбыра сыныбын, 1993-1998жж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік  Педагогикалық Университеті,  «Қазақ  тілі мен  әдебиеті» пәнінің    оқытушысы мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Тасашы ауылында «Ізгі ниет» комсомол жастар бригадасында шопан болып бастайды. Осы жылы Тасашы ауылдық клубында домбыра үйірмесінің жетекшісі болып жұмыс жасаған.

1991-2002 жылдар аралығында Тасашы орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, интернат тәрбиешісі  болып жұмыс жасаған.

2002-2011 жылдар аралығында Райымбек ауданының Жылысай ауылында М.Орманов атындағы мектептің директоры, 2011-2016 жылдар аралығында Райымбек ауданы әкімдігінің «Ішкі  саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс жасады. 2017-2018 жж. Райымбек ауданындағы Ы.Көшкінов атындағы орта мектептің директоры, 2018 жылдың қараша айынан бастап Кеген ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келген.

Оқас Нұрмаман Төкенұлы 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2019 жылы «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» медалімен, 2020 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.