
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қазақтілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында журналистер арасында жыл сайын, дәстүрлі түрде өтетін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсын биыл онлайн режимінде өткізеді.
«Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама» (үздік телесюжет), «Үздік сайт мақаласы» (үздік әлеуметтік желі) номинациялары бойынша ұсыныстар 2020 жылғы 20 мамырға дейін қабылданады.