"Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты форум өтті

"Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты форум өтті

21-22 ақпан күндері Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық форумы өтті.

Форумның мақсаты - тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне бір уақытта табанды қарсы тұрып, оның алдын алу ж/е болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикада жиі қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру.

 Форумға ҚР Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Бас прокуратура өкілдері, Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары, Алматы облысының тіл жанашырлары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары, полиция департаменті, ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, Қонаев қаласының білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтері, мектеп инспекторлары қатысты