Ғаламшардағы ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясы

Ғаламшардағы ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясы

Ғаламшардағы ең ауқымды «Жер сағаты» экологиялық акциясы Қазақстанда 15-ші рет – 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді. Дәстүр бойынша, осы сағатта миллиондаған адамдар планетаның болашағына бей-жай қарамайтындық белгісі ретінде шамдар мен тұрмыстық техниканы символдық түрде өшіреді. Әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді.

Биыл Қазақстанда «Жер сағаты» акциясы еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған. Алматы облысының еңбек ұжымдарын, қоғамдық ұйымдарын және тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Туған табиғатымызға көмектесу -саналы таңдау жасайық.

 

 Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы