Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2023 жылдың 17-қаңтар күні Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы Алматы қаласында орналасқан «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблімен бірлесе жұмыс істеу мақсатында ынтықмақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында Қазақтан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптар ұлттық құндылықтарды, қазақтың салт-дәстүрін насихаттау, мәдени шараларды ұйымдастыру, мемлекеттік тілді дамыту бағыттары бойынша өзара ынтымақтастықта болады