"Тілдесу" әңгімелесу клубының ашылуы өтті

"Тілдесу" әңгімелесу клубының ашылуы өтті

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы және "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тілдесу" әңгімелесу клубының ашылуы өтті.
Әңгімелесу клубының мақсаты – тілдік кедергілерді жоя отырып, сөйлеу дағдысын жетілдіру. Әңгімелесу барысында клуб мүшелері құнды пікірлермен алмасып, сөздік қорларын жетілдіреді