
Алматы облысы әкімдігі, Қазақстан Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалы мен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бір жылдығына орай сәуір айының 23-24 күндері өңірімізде жас әдебиетшілердің бірінші форумы өтуде.
Облыста тұңғыш рет өтетін «Жетісу көктемі» жас әдебиетшілер форумы аясында Астана мен Алматыдан келетін белгілі қаламгерлер үшін жетісудағы мәдени, тариxи мекендерге саяxат жасалады, қазақ әдебиетінің бүгіні мен болашағы туралы ой қозғайтын секция жұмыстары , «Руx» әдеби бәйгесін жеңіп алған авторлардың кітабының тұсаукесері өтеді, Жазушылар одағы бірнеше адамды мүшелікке қабылдамақ. Сонымен бірге «Мәңгілік елдің мұраты» атты облыстық әдеби байқаудың қорытындысы шығып, әдебиет саласындағы әкім жүлдесі табысталады деп күтілуде.
Форум жұмысына қатысушы делегаттарды кеше Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының директоры, ақын Ерлан Жүніс, жазушы Есболат Айдабосын бастаған топ қасиетті Қарасай ауданында қарсы алды.