Қолдау көрсетіп, дауыс берейік!

Қолдау көрсетіп, дауыс берейік!

"Дүниені сүйген адамның бойында Аллаға деген шексіз сағынышы оянды, жүрегінде өлең оты тұтанып Ұлы Жаратушымен ойша сырласып, мұңын шағып оны тереңнен тануға мүмкіндік алды. Осылайша мәртебелі поэзия адамның Алладан кейінгі сырласына айналды" (Амангелді Кеңшілікұлы). Тағы да осы ағамыз айтады жалғыздықтан жалығып, мына бес күндік жалғаннан түңіліп, мейірімді шуағын сағынған адамның шөлін тек өлеңнің мөлдір бұлағы қандыра алады. 
Осындай таза бұлақтардың қатарына Сағыныш Намазшамованың поэзиясын қосар едім. 
Оның өлеңдері шынайы шымыр ұйқас пен тапқыр ойға қүрылған, қысқа қайырғанда өмірге өте жақын...ұлттық бояуы да қанық.
Сағыныштың ақындық қуаты өлеңдеріндегі өзгеше лирикада, өзгеше сезімде жатқандай...
Сағыныш туралы Серік (Ә) ағамыз былай деп жазған еді: "Мына ақыны көп заманда Сағыныш Ақын екен. 
Ол қолына алтын балық ұстатсаң да ештеңе сұрамай, жібере салатындар санатынан".
Ағамыз дұрыс айтады, Сағыныштың өлеңі мінезіндей жұмсақ, жылы. 
... Ол өзі туралы жарнамалағанды еш ұнататпайтынын білсем де, қаламдас әрі сырлас, сыйлас досы ретіндегі бұл жазбада бір ғана дүниені айтайын дегенмін. 
Жаңа 100 есімнен үміткер ақын қыздарыңызға қолдау көрсетіп, дауыс бере отырсаңыздар екен.