
Бүгінгі ашық талқылауға жиналған қауым, алдымызда берілген нұсқаларға шын мәнінде көңіл бөліп, әр қайсымыз жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Мен 2 жоба (акут) бойынша мынадай ұсыныс айтар едім: әліпбидегі «И»-дің төбесіндегі ноқатын алып тастап, оны «І» дыбысының үстіне қойса деймін. Бұрыннан қалыптасқан негіздемеге сәйкес келер еді. Тағы да бір ұсынысым: акуттың санын азайту үшін «Ң» дыбысын 3 жобадағы (умлаут) «Ң» дыбысының таңбасы сияқты жазсақ. Сондай-ақ, 2 жобадағы тілімізде жиі қолданатын «Ұ», «Ү», «У» дыбыстары дұрыс таңбаланған деп санаймын және осы жобаны қолдаймын.
Қарлығаш САРБАСОВА,
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.