
Бөлім басшысы Ермек Ақшабаев кәсіп иелерінің болашақ істеріне сәттілік тілей отырып, көшедегі көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнама сауаттылығы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Кәсіптен нәсібін іздеп, өз ісін қалай дөңгелетемін деген кәсіп иелері тіл мәселесіне де жауапкершілікпен қарап, асқан сауаттылық танытуы қажет. Өйткені, заңды білетін, тілін құрметтейтін кез келген сауатты нысан басшысы ешқашан сауатсыз жарнамаға жол бермейді.