Жас тілші-әдебиетшілердің ІІ облыстық форумы басталды

Жас тілші-әдебиетшілердің ІІ облыстық форумы басталды

Бүгін табиғаты таңғажайып Кеген өңірінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының екі жылдығына орай, жас тілші-әдебиетшілердің «Жетісу көктемі» атты ІІ облыстық форумы өтіп жатыр.
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған дәстүрлі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан жас қаламгерлер мен тілшілер, мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері қатысуда.
Форум жұмысына қатысушы делегаттарды бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев, Кеген ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының директоры, ақын Ерлан Жүніс, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқали бастаған топ Көкпек-Кеген тас жолындағы Жалаңаш бұрылысында қарсы алды.
Форум жас тілші-әдебиетшілердің секциялық отырысымен жалғасуда.