
Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға басқарма қызметшілері, «Тіл» орталығының оқытушылары, облыстық әділет департаменті, сот сараптама орталығы, статистика департаменті, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, обаға қарсы күрес станциясы, облыстық онкологиялық диспансері, қазпошта, калалық білім бөлімінің білім беру ұйымы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әскери бөлімдер қызметкерлері қатысты. Семинарға қатысушыларға латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мағлұмат берілді. Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесі түсіндірілді.
Белсенді қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.