Тіл шебері – 2019 анықталды

Тіл шебері – 2019 анықталды

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері 2019» жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқауы өтті. Байқауда үш тілді яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты.

       Тіл мәдениетін көтеру,  үштілділікті насихаттау болып табылатын байқауда облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Асылжан Есімбекова, мемлекеттік қызмет істері және    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Жансерік Бабаев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бизада  Кизатаева қазылық етті.

      «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» атты үш кезең бойынша өткен жарыста ұшқырлығы, білімділігі, тапқырлығымен қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан
талғарлық Эльмира Ерниязова бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды Әмір Тұяқбаев (Талдықорған қаласы) алса, екінші орын Данияр Сағымбековке (Талдықорған қаласы) бұйырды. Сондай-ақ үшінші орынды Райымбек ауданынан келген Айдана Меліс пен Көксу ауданынан келген Қуаныш Жұмат еншіледі.