
Бүгін Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болып өтті.
Шараның мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болатын.
Айта кетейік, байқау төрт номинация бойынша өттті. Яғни, «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы».
Байқаудың бас жүлдесіне ие болғандар: Облыстық "Огни Алатау" газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, Құрманжан Қасымжан және облыстық "Жетісу" газетінің журналисі Еңлік Кенебаева. Ал І орын Камшат Мұхамеджан, Айжан Жайлаубаева, Зейнегүл Жұмабекке бұйырды. ІІ орынға Ардақ Қысаев, Күлжиған Тұрсынова, Хайролла Ахмеджанов ие болды. Сондай-ақ, Жұмабай Мұсабеков, Қуаныш Түргенбаев, Данагүл Мәкендер ІІІ орынды еншілесе, Сырғабала Медетбекова, Аслан Қажеке, Мәлен Әнербай, Меруерт Молдағалиева, Қаракөз Садықова, Бақтығали Даутбаев ынталандыру және арнайы жүлделермен марапатталды.
Байқауға мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатысқан болатын. Байқаудың шарты бойынша алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар бұл байқауға қатыстырылған жоқ.