«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жалғасуда

«Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жалғасуда

        Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен облыс көлемінде маусым айында басталған   «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты облыс бойынша халыққа қызмет көрсету нысандары мен қоғамдық көліктердегі деректемелер мен көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету және бұл іске облыс жұртшылығын кеңінен жұмылдыру.

         Аталған акция аясында облыс көлемінде рейдтер және жеке кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Облысымызда дәстүрлі түрде өткізіліп отырған аталмыш акцияның барысы жақсы нәтижелер көрсетуде. Аудан, қалалардың жолдаған мәліметіне сүйенсек, халыққа қызмет көрсету нысандарының сыртқы жарнамаларында орын алған қателердің көбі емлелік қателер және орналасу тәртібі сақталмай заңды өрескел бұзған. Анықталған қателердің бірқатары түзетілген.