Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті

       Бүгін Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

        Салтанатты шарада сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев латыннегізді қазақ әліпбиінде диктант жазу шарасымен басталған бұл онкүндік 5 қыркүйек - Тілдер мерекесіне дейін жалғасатынын айта келе, эстафетаны "Достық үйі - Қоғамдық келісім" орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаевқа салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, эстафета «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық филиалдарына, облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармаларына, Рухани жаңғыру орталығына, Журналистер үйіне, Жастарға қызмет көрсету орталығына, Оқушылар сарайына жолданды.
       Онкүндік аясында «Жастар жырлайды», «Текті сөздің төресі – терме» байқауы, «Тілдарын – 2019» облыстық олимпиадасы, «Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғырлы тірегі» атты дөңгелек үстел, Славян жазуы күндері, «Өзім туралы» этнос өкілдері арасында әлеуметтік желі арқылы эссе жазу акциясы, латыннегізді әліпбиді оқыту, үштілділік бойынша ашық есік күні ұйымдастырылатын болады.