Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі

Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі
         2017 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері мерекесі 5 қыркүйек яғни, Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс аталатын болды.  Осы айтулы мереке қарсаңында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы онкүндік ұйымдастырған болатын. Мереке қарсаңындағы онкүндіктің  ашылу салтанатынан кейін, шараға жиналғандар Тіл сарайының мәжіліс залына және "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының оқу кабинеттеріне жайғасып, диктант жазуға қатысты. Латыннегізді қазақ әліпбиінде диктант жазу ендігі кезекте эстафетаны қабылдап алған (Достық үйі, "Nur Otan" партиясының облыстық және қалалық филиалдары, облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармалары, Рухани жаңғыру орталығы, Журналистер үйі, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы) мекемелерде 5 қыркүйек –  Тілдер мерекесіне дейін жалғасатын болады.