
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізу жұмыстарын бастады.
Бұл іс-шара 2019 жылдың 28 тамызына дейін жалғасады және түрлі сала ұйымдарының қызметкерлерінен (білім беру, мемлекеттік қызмет, ішкі істер, медицина және т.б.) 500-ден астам адам қамтылады деп жоспарлануда.
Бүгін ауыл шаруашылығы, ветеринария, дін істері, дене шынықтыру және спорт, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері латын графикалы қазақ әліпбиінде әзірленген клавиатураның алғашқы қолданушылары болды. Олар мәтінді латыннегізді әліпбиде теріп, сауалнама толтырып, жаңа клавиатураның тиімділігі мен қолайсыз тұстары туралы өз ұсыныстарын білдірді.