
Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы және "Достық үй - қоғамдық келісім" орталығының ұйымдастыруымен "Славян жазулары" байқауы өтті. Шараның мақсаты - халықтар арасындағы рухани және мәдени қарым-қатынастарды нығайту. Қатысушылар 3 топ болып, 5 айналым бойынша өнер көрсетті. Яғни, «Таныстыру», «Ерекше әріптер», «Кім көп мақал-мәтел біледі?», «Кім жылдам?», «Үй тапсырмасы» кезеңдері.
Байқауға Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары Лариса Котельникова, «Достық Үйі –Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Жансұлу Башенова, Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының орыс тілі пәнінің оқытушысы Айман Айтжанова қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша І орынға "Веди", ІІ орынға "Лада", ІІІ орынға "Отрок" тобы ие болды.
Байқауға қатысушы топтар Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының Дипломы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.