Жетісу – адалдық алаңы

Жетісу – адалдық алаңы

Бүгін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Туғанай Рахимберлина және ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев «Жетісу  – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде болып,  фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді.

Көпшілік  көкейлерінде жүрген ономастика және  тілдік ахуалдың жай-күйі, латын әліпбиіне қатысты сауалдарын жолдап, нақты жауапқа қанықты.

Бұл жоба – жемқорлықтың алдын алу және  халыққа қолайлы жағдай туғызып, оладың кез-келген ақпаратқа  қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.