
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Жетісу» телеарнасы бірлесе «Латыннегізді әліпби» телебағдарламасын аймақ тұрғындарының назарына ұсынды. Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында жүзеге асып отырған аталмыш жоба «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жалғасы. Жаңа графиканы меңгертіп, оқу мен жазу машықтарын арттыруға ықпал ететін телебағдарлама әр жексенбі сайын сағат 17.20-да эфирден беріледі.