Облыс үмітін ақтады

Облыс үмітін ақтады

         Шымкент қаласында өткен Республикалық "Тілдарын - 2019" байқаудында Алматы облысының намысын қорғаған  Жадыра Байназар Бас жүлдеге ие болды. Жадыра Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тамыз айында өткен облыстық "Тілдарын - 2019" байқауында жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алған болатын.

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп Шымкент қаласында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізді. Байқауға 3 қала мен 12 өңірдің іріктеу сынында жеңіске жеткен 15 талапкер қатысты. Оларға қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгеруі басты талап етілді. Байқау барысында талапкерлердің білімі жан-жақты байқалды.

      Полиглоттар шеберлігін тіл мамандарынан құралған қазалар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті Байназар Жадыраға бұйырды." - деп жазды "Тіл әлемі" сайты.

      Біз Жадыраны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!