
Жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында өткен "Текті сөздің төресі – терме" атты жыршы-термешілердің республикалық байқауында Алматы облысының термешісі Елбол Қуанбек бас жүлдені иеленді.
Еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан қатысқан, көмейлеріне бұлбұл ұялаған үміткерлер арасынан оза шапқан жерлесіміз Елбол Қуанбек Жетісу жерінің дәстүрлі ән, күй, жыр мектептері қалыптасқан киелі өңір екеннін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.
Біз жерлесімізді жеңісімен құттықтай отырып, өнер айдынында қанаты талмай, самғай беруіне шын жүректен тілектеспіз!