Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа комиссия мүшелері, Қонаев және Алатау қалалары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Күн тәртібінде 2025 жылға арналған Жол картасы негізінде құрамдас бөліктерге атау беру және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай көшелерге ҰОС ардагерлерінің есімдерін беру мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында 2025 жылғы Жол картасына сәйкес Алматы облысында 678 көше қайта аталып, атаулар «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері негізінде берілді. Сонымен қатар, 154 көшеге ҰОС ардагерлерінің есімдері берілді. 9 Мамыр мерекесі аясында өткен отырыста 81 көшеге Кеңес Одағының Батырларының есімдерін беру туралы шешім қабылданды.

Отырыста 181 көшеге атау беру туралы ұсыныстар қаралып, қолданыстағы талаптарға сәйкес келісілді.

Жиында Қонаев, Алатау қалалары және Қарасай ауданы әкімдерінің орынбасарлары ономастика саласында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша қайта аталған көшелердің атауларын белгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу, 2GIS және Яндекс Карталар жүйелеріне уақытылы енгізу, сондай-ақ Жол картасы аясындағы жұмыстарды 2026 жылдың 2-тоқсанына дейін толық аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.