«Жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылық» атты облыстық іс-шара өтті.

«Жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылық» атты облыстық іс-шара өтті.

2026 жылғы 18 наурызда облыс әкімінің қолдауымен Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Талғар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі рухани құндылық» атты облыстық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – цифрлық дәуір жағдайында сөз мәдениеті мен тіл тазалығының маңызын арттыру, жастарды сауатты тілдік қарым-қатынасқа тәрбиелеу және мемлекеттік тілді цифрлық кеңістікте дамыту.

Шара барысында жасанды интеллекттің тіл дамытудағы мүмкіндіктері таныстырылып, «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті.

Жиын соңында тіл саясатын дамытуға үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар «Мемлекеттік тіл – бизнесте», «Мемлекеттік тіл – мерейім», «Сауатты жарнама – сапалы қызмет», «Жаңа дәуір үні», «Тілдарын», «Тілге қызмет – елге қызмет», «Құжат шебері – тіл зергері», «Тіл тазалығының тірегі» номинацияларына ие болып, Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің Алғыс хатымен марапатталды.