Іс-тәжірибе алмасу – өзара ынтымақтастықтың кепілі!

Іс-тәжірибе алмасу – өзара ынтымақтастықтың кепілі!

🔹 Іс-тәжірибе алмасу – өзара ынтымақтастықтың кепілі

📌Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Алматы облысының “Тіл” оқу-әдістемелік орталығына іс-тәжірибе алмасу мақсатында Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты “Тіл-құрал” оқу-әдістемелік орталығының басшысы Игенберлина Мадинат Балтина жұмыс сапарымен келді.

🔸Іссапар аясында қонағымыз Алматы облысының “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының қызметімен жан-жақты танысып, орталықтың материалдық-техникалық базасын, оқу үдерісінде қолданылатын әдістемелік құралдарды, оқытуда қолданылатын заманауи тәсілдерді және тың жобалармен танысып, тәжірибе жинақтады.

✅Сонымен қатар, басқарма мен орталықтың бірлесіп атқарып жатқан жүйелі жұмыстарына, тілдік орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар мен жобаларға ерекше назар аударылды.

🔸Іс-тәжірибе алмасу барысында тараптар өз өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан үздік тәжірибелерімен бөлісіп, тіл оқыту үдерісін жетілдірудің жаңа бағыттарын ортаға салды. Мұндай кездесулер болашақта әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдауларды күшейтуге, өңіраралық байланыстарды нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

🔹 Алдағы уақытта тараптар арасында өзара ынтымақтастықты ресми түрде бекіту мақсатында меморандумға қол қою жоспарланып отыр.