📍Қонаев қаласында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқау өтті.
🖋 Байқауға облыстың аудан-қалаларынан 16 үміткер қатысып, олардың 14-і жүлделі орындарға ие болды.
🏆 Бас жүлдені облыстық «Алатау арайы» газетінің тілшісі Құралбек Сәбитов жеңіп алып, басқарманың арнайы дипломымен марапатталды.
🎙 Ал «Үздік теле-радио жобасы» номинациясы бойынша облыстық «Жетісу» телеарнасының продюсері Гүлжан Қызайбай жеңімпаз атанды.
🎉 Қалған қатысушылар да назардан тыс қалмай, басқарманың дипломдары мен қаржылай сыйақыларын иеленді.
🔸 Бұл байқау – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің тіл жанашыры ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.